Қазақша | На русском

Құрметті спорт жаңалықтары сайтының пайдаланушылары!

Баршаңызға сәлем жолдап, сайтымыздың жаңартылуына байланысты шексіз қуанышымды білдіремін!

Спорт - қозғалыс, қуат, денсаулық, өмір екені белгілі. Сондықтан өмірді бағалаған әр адам бүгінгі таңда салауатты өмір салтын белсенді қолдап, денсаулық үшін күресті табанды жүргізеді. Бәріміздің ой-пікірлеріміз бір жерден шығып, ниеттес боламыз деген сенімдемін. Сайтымыздың пайдаланушыларына жақсылық, береке, бақыт тілеймін. 

 

Құрметпен,

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы      


Құрметті жаттықтырушылар мен спорт ұйымдарының қызметкерлері!

Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін WWW.ADILET.GOV.KZ сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынамыз.


Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі «Халықтың дене шынықтыру және спортқа көзқарасы» тақырыбында сауалнама жүргізеді.  

Сауалнаманы жүктеу.

Толтырылған сауалнаманы  turizm-sport09@mail.ru электрондық мекен-жайына жіберуіңізді сұраймыз.


 

Жаңалықтар
22.11.2016
Спорт жаңалықтары
18-22 қараша аралығында Павлодар қаласында тоғызқұмалақтың блиц түрінен ерлер арасында Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің 14 облысынан спортшылар қатысты.
18.11.2016
Спорт жаңалықтары

Құрметті оралдықтар! 19 қараша күні сағат 17:00-де ОЖСШМ спорт залында (Айтиев к-сі 72а) аралас жекпе-жектен Орал жəне Орынбор қалаларының құрамалары арасындағы халықаралық жолдастық кездесу өтеді. Кіру тегін!

14.11.2016
Спорт жаңалықтары
Шорт-тректен Әлем кубогінің кезеңінде оралдық Абзал Ажғалиев 500 метрде топ жарып, алтыннан алқа тағылды. Ал командалық эстафетада Қазақстан құрамасы 3-орын алды. Естеріңізге сала кетейік, Әлем кубогінің кезеңі АҚШ-тың Солт Лэйк Сити қаласында өтіп жатыр.
09.11.2016
Спорт жаңалықтары
Бүгін, Орал қаласында 1999-2000 жылы туылған жасөспірім қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты өз мәресіне жетті. 4 - 9 қараша күндері аралығында өткен чемпионатқа 6 команда қатысып, бақ сынасты.
07.11.2016
Батысқазақстандық палуан бүкілресейлік турнирдің жүлдегері атанды
Батысқазақстандық палуан Ерасыл Бақыт Ресейдің Чебоксары қаласында самбо күресінен мәреге жеткен бүкілресейлік турнирде жүлдегер атанды. Бақыт Ерасыл 48 кг салмақта қола жүлдені иеленді.
31.10.2016
Оралда А.Шайхиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті
Бүгін, Орал қаласында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО чемпионы, Әлем чемпионы және Әлем Кубогының иегері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған 23 жасқа дейінгілер арасындағы самбо және әскери самбодан халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
28.10.2016
Спорт жаңалықтары
Құрметті қала тұрғындары жəне қонақтары! Ертең, 15:00-де Мұз айдыны сарайында самбодан Əлем чемпионы, Əлем Кубогының иегері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған самбо жəне əскери самбодан халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтеді.
24.10.2016
Қысқы Универсиадаға 100 күн қалды: Оралдағы жаттығу
Бүгін «Ақжайық» футбол клубының стадионында Алматы қаласында 29 қаңтар - 8 ақпан аралығында өтетін 28-інші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың басталуына 100 күн қалуына орай Лондон және Рио-де-Жанейро олимпиадаларына қатысқан белгілі ескекші Алексей Дергунов спортшылармен жаттығу өткізді.
20.10.2016
Оралда үлкен теннисті дамытуға мүмкіндік мол - Диас Досқараев
Оралда үлкен теннисті дамытуға мүмкіндік мол. Бұл туралы қаладағы теннис орталығында болып, оның тыныс-тіршілігімен танысқан ҚР Теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев мәлім етті.
17.10.2016
Спорт жаңалықтары
23 жасқа дейінгілер арасындағы Әскери самбодан өткен ҚР чемпионатында батысқазақстандық спортшылар жүлдемен оралды.

ҚР мемлекеттік рәміздері

ҚР Гербі
http://www.akorda.kz

http://blog.old.oblsport-bko.gov.kz/kz


http://strategy2050.kz/
 
рисунок

https://expo2017astana.com/kz/
http://forum.gakaz.kz/

http://www.government.kz/

ҚР Электрондық Үкіметі

http://mts.gov.kz/

www.westkaz.kz

http://egov.kz


http://www.minfin.gov.kz/

http://business.gov.kz/kz

http://anticorruption.gov.kz
 
 

  Наверх